Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы "Қайсардан" кетеді

©"Қайсар" ФК

Қазақстан жастар құрамасының әмбебап футболшысы Арман Кеңесов "Қайсардан" кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Жас футболшының қызылордалық клубтағы жалдау мерзімі аяқталды. Кеңесовтің мансабын Қазақстанда жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар.

21 жастағы футболшының негізгі келісімшарты "СКА-Хабаровск" клубына тиесілі, ол өткен маусымда ресейлік клуб үшін 16 матч өткізді.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Кеңесов 25 матчқа қатысып, үш гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Одан бөлек, Қазақстан кубогінде бір гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: