Қазақстан жастар құрамасының капитаны Шотландияға қарсы ойынға қатыспайды

©ҚФФ

Қазақстан U21 жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағынаев Шотландия жастар құрамасына қарсы алдағы матчта ойнамайды, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

"Астананың" жартылай қорғаушысы, Қазақстан жастар құрамасының капитаны Сұлтан Сағынаев 2023 жылғы Еуропа жастар чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Түркияға қарсы матчта (0:1) осы іріктеудегі үшінші ескерту қағазын алды. Осылайша, Шотландиялық құрдастарына қарсы алдағы матчтан тыс қалуға мәжбүр.

Естеріңізге сала кетейік, Шотландия мен Қазақстан жастар құрамаларының ойыны 12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні Дандиде өтеді.

Жалпы қазіргі іріктеу кезеңінде Сұлтан Сағынаев төрт матч өткізіп, төртеуінде де капитандық белгімен шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: