Қазақстанның бірнеше клубында және жастар құрамасында өнер көрсеткен Кирилл Шестаков мәскеулік ЦСКА-ның әйелдер командасының жастарын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай қорғаушы "Алма-Ата", "Қайрат", "Оқжетпес", "Қайсар", "Ертіс", "Восток", "Ақтөбе" мен "Каспий" клубтарында ойнаған.
Оның жаңа командадағы көмекшісі әкесі Сергей Шестаков болады. Соңғысы "Астана" клубының спорт директоры болған.