Қазақстан жастар құрамасының екі футболшысы коронавирус жұқтырып алды

©ҚФФ

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Вячеслав Швырев пен жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев коронавирус жұқтырып алыпты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады. 

Екі футболшының да тапсырған тесттерінен коронавирустың белгілері анықталған. Қазір екі футболшының да жағдайы жақсы, олар оқшауланған. 

Айта кетейік, ертең, 7 қыркүйек күні Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 турнирінің іріктеуі аясында Дания құрамасына қарсы ойнайды. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: