1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 22:42
 

Қазақстан жастар құрамасы Түркістанда Словакиядан ұтылды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан жастар құрамасы Түркістанда Словакиядан ұтылды ©ҚФФ

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Словакиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2027 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде Словакиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Түркістан қаласында өткен матчта қонақтар 1:3 есебімен жеңіске жетті. Словакия жастары сапында голдарды Нино Марцелли (18-минут, пенальтиден), Артур Гайдош (56-минут) және Милан Регуш (90+6-минут) соқты. Қазақстан құрамасы қатарынан Мағжан Тоқтыбай 79-минутта мергендік танытты.

Келесі ойынын Қазақстан құрамасы 31 наурыз күні өз алаңында Ирландия жастар құрамасына қарсы өткізеді.

D тобының турнирлік кестесі:

Словакия — 16 ұпай (7 ойын)
Англия — 15 ұпай (5 ойын)
Ирландия — 8 ұпай (6 ойын)
Андорра — 6 ұпай (7 ойын)
Молдова — 5 ұпай (7 ойын)
Қазақстан — 4 ұпай (6 ойын)

Іріктеу кезеңінде тоғыз топ жеңімпазы және екінші орын алған үздік бір команда (алтыншы орын алған құрамаларға қарсы ойындарды есептемегенде) тікелей финалдық кезеңге жолдама алады. Қалған сегіз екінші орын иегері соңғы төрт жолдаманы плей-офф матчтарында сарапқа салады.

Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 2026 жылдың қазанына дейін жалғасады. Плей-офф кездесулері бір айдан кейін өтеді, ал финалдық турнирді 2027 жылдың жазында Албания мен Сербия бірлесіп қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!