Қазақстан жастар құрамасы Түркиямен тең түсті

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 турниріне жолдама беретін іріктеу турнирін аяқтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Іріктеудегі соңғы ойынын өткізген Қайрат Нұрдәулетовтың командасы қонақта Түркиямен кездесті. Стамбулдағы матч 0:0 есебімен аяқталды.

58-минутта ұлттық құрама сапында Дамир Қасаболаттың алаңнан қуылғанын айта кеткен жөн. Соған қарамастан жерлестеріміз кездесу соңына дейін қақпасына гол өткізбеді.

І тобында Қазақстан жастар құрамасы сегіз ойын өткізіп, 2 ұпаймен соңғы орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport