Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы бақылау ойынын өткізді.
2002-2003 жылғы футболшылардан құралған Қазақстан жастар құрамасына қарағандылық "Шахтер-Болатқа" қарсы ойнайды, деп хабарлайды ҚФФ.
Қайрат Нұрдәулетов командасы ойын басталған сәттен алға лап қойды. Алғашқы голды қорғаушы Теңізбай Әбдірахманов еншісіне жазды. Әрі қарай Нұрғайни Бөрібаев есепті еселей түссе, қарсыластың қорғаушылары мен қақпашысын алдап өткен Жасұлан Жұмашев үшінші голдың авторы атанды.
Үзіліске дейін Муроджан Халматов та көзге түсті. Оның алыстан соққан добын "Шахтер-Болат" қақпашысы қайтара алмады. Екінші таймда алаңға шыққан Айбар Айдарбекұлы де бапкерлер сенімін ақтап, ойын нәтижесін түйіндеді. Қорытынды есеп - 5:0.
Қазақстан U-21 - "Шахтер-Болат" - 5:0 (4:0)
Голдар: Әбдірахманов, Бөрібаев, Жұмашев, Халматов, Айдарбекұлы.