Қазақстан құрамасы Еуро-2023 турниріне іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында Бельгиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ақтөбеде өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды.
Есепті бірінші болып 28-ші минутта Киллиан Сарделла (Бельгия) ашты. Бұған алаң иелері 43-ші минутта қарымта ажсап, Абылайхан Жұмабек бұрыштама допты қақпаға дәл кіргізді.
Дегенмен 45+1-ші минутта Амаду Онана бос қақапаға гол салып қонақ команданың есебін арттырды. Ал 75-ші минутта Лои Опенда есеп нүктесін қойды.
Осы ойыннан кейін Бельгия үш ұпаймен I тобында бірінші тұр. Қазақстан соңғы - бесінші орында.
Қазақстан құрамасы келесі ойынды 7-қыркүйек өз алаңында Даниямен өткізеді.