Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 іріктеуінде Даниядан ұтылды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2023 турнирінің іріктеу кезеңінде Даниядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ойын бүгін, 7 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Голдың авторы Вильям Вик. Ол 78-минутта көзге түсті. Дәл сол голдың алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сағи Совет екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған еді.  

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің бірінші турында Бельгия құрамасымен кездесіп, 1:3 есебімен ұтылды. 

Енді Қайрат Нұрдәулетовтің тәлімгерлері 8 қазан күні сырт алаңда осы Данияға қарсы кездесу өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: