auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан жастар құрамасы Бельгиядан ұтылып қалды

Қазақстан жастар құрамасы Бельгиядан ұтылып қалды
©ҚФФ

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері 2023 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде үшінші ойынын сырт алаңда Бельгиямен өткізді.

Біздің топта көш бастап келе жатқан Бельгия футболшыларына қарсы ойын оңай болған жоқ. Алғашқы гол соғатын сәтті біздің футболшылар ұйымдастырған еді. Елхан Астановтың соққысы қақпадан сәл қисық кетті. Тағы бір шабуылда жартылай қорғаушы Арман Кеңесов тамаша пасын Вячеслав Швыревқа асырған болатын. Алайда, соңғы сәтте қарсыластың қорғаушысы кедергі келтірді. 

Бельгия футболшылары допты ұзақ ұстағанымен, қарқынды шабуыл ұйымдастыра алмай жатқан еді. Матчтың отызыншы минутында бас төреші ойын ережесі бұзылғанын байқап, он бір метр айып добын белгіледі. Лоис Опенда пенальтиден мүлт кетпеді. 

Екінші таймның басында Бельгия футболшылары басымдыққа ие болып, бірнеше шабуыл жасады. Алайда, қақпашы Данил Уситменко қауіпті соққыларды қайтарып отырды. Кездесу соңына қарай Қазақстан құрамасының ойыны жүре бастады. Алайда, кезекті пенальти кездесу тағдырын шешті. Бұл жолы Йорбе Вертессен көзге түсті. Қорытынды есеп - 2:0.

Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын 12 қазан күні Қарағандыда Түркиямен өткізеді.

Бельгия U-21 – Қазақстан U-21 – 2:0

Голдар: Лоис Опенда 31 (пенальти), Йорбе Вертессен 84 (пенальти)

Ескерту: Анасс Зарури 76 – Әділбек Жұмаханов 30, Жалғас Жақсылықов 44, Сұлтан Сағынаев 59, Лев Скворцов 74, Эльхан Астанов 80, Данил Устименко 82, Дінмұхамед Қашкен 86

Бельгия U-21: Сенне Ламменс, Киллиан Сарделла (Юго Сике 68), Марко Кана, Эву Плетенкс, Кони де Винтер, Отман Буссаид (Логан Нденбе 74), Амаду Онана, Николас Раскин (Элиот Матазо 74), Ануар Айт-Эль-Хадж (Анасс Зарури 68), Яри Версхарен, Лоис Опенда (Йорбе Вертессен 80);

Қазақстан U-21: Данил Устименко, Нұрберген Нұрбол, Дінмұхамед Қашкен, Әділбек Жұмаханов, Жалғас Жақсылықов, Лев Скворцов (Андрей Ульшин 83), Сұлтан Сағынаев, Арсен Буранчиев (Еркебұлан Сейдахмет 46), Арман Кеңесов (Владислав Прокопенко 69), Елхан Астанов (Әлішер Әжімов 83) – Вячеслав Швырёв (Абылайхан Жұмабек 63);

Төрешілер: Вальтер Альтманн, Андреас Штаудингер, Сантино Шрайнер(барлығы – Австрия);

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама