Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен матч өткізді

28 қыркүйек 2022 03:06
©ҚФФ

Футболдан 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Беларусь командасымен өткен жолдастық ойында тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Минсктегі матчта жеңімпаз анықталмады. Максим Самородовтың (32-минут) соққан голына алаң иелерінен Егор Карпицкий голмен (42-минут) жауап берді.

Еске салайық, осының алдында Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын жастар құрамасы ресейлік қатарластарына 2:1 нәтижесімен есе жіберген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport