Футболдан 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Беларусь командасымен өткен жолдастық ойында тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Минсктегі матчта жеңімпаз анықталмады. Максим Самородовтың (32-минут) соққан голына алаң иелерінен Егор Карпицкий голмен (42-минут) жауап берді.
Еске салайық, осының алдында Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын жастар құрамасы ресейлік қатарластарына 2:1 нәтижесімен есе жіберген еді.