Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен "Тобылдың" бұрынғы ойыншысы көз жұмды

Сурет: жеке мұрағатынан
"Тобылдың" және Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасында көз жұмды, - деп хабарлайды клубтың ресми сайты

Соңғы айда Жуков жілік майының дертінен емделген еді. 31 тамыз кешкісін оның жүрегі тоқтады. 

"Николай Жуков бірнеше маусым команданың екінші құрамында ойнады және Қазақстанның жастар құрамасына шақыртылған. "Тобыл" ФК Николайдың туыстары, жақындары мен достарына көңіл білдіреді", - делінген клуб хабарламасында. 
Жаңалықтар