Қазақстан және Қырғызстан құрамаларының футболшылары "Қайраттан" кетпекші

©"Қайрат" ФК

Шабуылшы Артур Шушеначев пен жартылай қорғаушы Гүлжігіт Алықұлов қысқы трансфер кезеңінде "Қайрат" командасынан кетуге ниетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Шушеначевқа жазда ресейлік, польшалық және венгриялық клубтар тарапынан ұсыныс болған еді. Бірақ "Қайрат" шабуылшыны жібермеді. Сөйтіп, ол жазда алматылық командамен келісімшартын ұзартты. Алайда ол келісімшартта басқа командадан жақсы ұсыныс түссе, Артур команда алмастыра алады деген жері бар. Ал футболшының агенті Сергей Волгиннің айтуынша, шабуылшыға қазірдің өзінде бірнеше ұсыныс бар. 

Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Алықұлов болса ойын уақытының аз екеніне наразы. Бұл футболшыға "Легия" командасы нақты ұсыныс жасап, жалға алғысы келген. Дегенмен оны да "Қайрат" жібермей қойды. Күзде Гүлжігіт әлеуметтік желісінде алматылық команда сапында соңғы маусымын өткізіп жатқанын жазған болатын. Қазіргі уақытта да ол командадан кету туралы шешімін өзгертпеген. Оның келісімшарты 2023 жылдың соңында аяқталады. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Алықұлов ҚПЛ-де 17 кездесу (384 минут) өткізіп, екі гол соқты. Шушеначев болса 24 ойынға қатысып, 11 гол соққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport