Футбол
19 қыркүйек 10:32
 

Қазақстан Италияға гол салып қарымта матчте есе қайтаруға мүмкіндік алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Италияға гол салып қарымта матчте есе қайтаруға мүмкіндік алды ©instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне жолдама үшін өткізіліп жатқан алғашқы плей-офф матчінде Италиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне жолдама үшін өткізіліп жатқан алғашқы плей-офф матчінде Италиядан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Италияның Фазано қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. 15-минутта Джованни Пульвиренти есеп ашса, 29-минутта Юлио Де Оливейра итальяндықтардың басымдығын арттырды. Қазақстан құрамасы 32-минутта жауап қайтарды - Шыңғыс Есенаманов есеп айырмасын қысқартып, командаға 23 қыркүйекте Астанада өтетін қарымта ойынға мүмкіндік қалдырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бірнеше гол соғатын мүмкіндігі болды, алайда шешуші сәттерде Италия қақпашысы Юрий Беллобуоно сенімді ойнады. Егер қазақстандықтар гол соғу көрсеткішін жақсартса, бұл екі матчтық серия олардың пайдасына шешілуі мүмкін.

Плей-офф кезеңіне негізгі іріктеу раундының топтарында екінші орын алған сегіз команда қатысады. Қос матчтың нәтижесі бойынша Еуро-2026 турнирінің қалған төрт жолдамасы сарапқа салынады.

Турнирдің финалдық кезеңі 2026 жылғы 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында бірден үш елде - Словения, Латвия және Литвада өтеді.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде 6-топта Армения, Дания және Албания командаларымен ойнады. Рикардо Кака жаттықтыратын команда он ұпай жинап, екінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне өтті. Бұл топта Еуроға тікелей жолдаманы Армения жеңіп алды.

Ал Италия құрамасы Беларусь, Финляндия және Мальта командаларымен бірге 2-топта ойнап, екінші орынды иеленді. Бұл топтың жеңімпазы Беларусь.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!