Қазақстан футзалдан Еуро-2022 турниріне уақытынан бұрын жолдама ала алады. Ойынға тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ

Бүгін, 6 сәуірде футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу раунды аясында Венгриямен ойнайды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Матч Будапештте өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 18:00. Qazsport арнасы ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция мына жерде қолжетімді.

Мұның алдындағы кездесуде Қазақстан Венгрияны ірі есеппен (5:0) ұтқан және Беларусь командасынан екі рет басым түсті (5:2, 6:1).

Осылайша Кака жаттықтыратын команда Еуро-2022 турниріне мерзімінен бұрын жолдама ала алады. 

Метки: