Қазақстан футболында жаңа шаңырақ құрылды

©instagram.com/_sadykoval/

Оралдық "Ақжайық" ойыншысы Ардақ Сәулет футбол мен футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Лейла Садықовамен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды КФФ.

25 жастағы Сәулет 2017 жылдан бері ҚПЛ-де өнер көрсетеді. "Ақжайықтан" бөлек ол "Ақтөбе" сапында да ойнаған. Қазақстандық қорғаушының қоржынында Қазақстан чемпионаттарының 63 ойыны бар. Осы ойындар ішінде ол үш гол авторы атанып, екі рет нәтижелі пас берген. 

Оның 20 жастағы қалыңдығы Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Еуро-2022 іріктеу ойындарында екі ойын өткізген. Сонымен қатар, Садықова 17 жасына дейін әйелдер құрамасының капитаны болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport