Қазақстан футболшылары Армения құрамасын ойсырата жеңіп қарымтасын алды

Сурет: ҚФФ

Футолдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Армения командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Еревандағы Вазген Саркисян стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. Қазақстан командасынан гол салғандар: Бегайым Қырғызбаева (5-ші минут), Светлана Бортникова (13-ші) және Әселхан Тұрлыбекова (81-ші минут).

Осылайша, Калоян Петков жаттықтыратын команда бірінші лигадағы жеңілісі үшін қарымтасын алды. 12- маусым осы стадионда өткен кездесуде 2:1 есебімен Армения ұтқан еді. 

Метки: