Футолдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Англия командасымен матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын 8 қыркүйекте Қазақстанда өтеді. "Серый CARDINAL" тelegram-арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу Ақтөбеде орналасқан Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді. Бұл стадион - "Ақтөбе" футбол клубының алаңы 13 мыңға жуық жанкүйерді сыйдыра алады.
Айта кетейік, жастар құрамалары деңгейінде Қазақстан мен Англия бұған дейін екі рет кездескен. Екі матч та 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткен және екеуінде де ағылшындар жеңіске жеткен - 1:0 және 3:0 есебімен.
Сондай-ақ, Англияның жастар құрамасы (U-21) қазіргі уақытта Еуропа чемпионатының жеңімпазы. 28 шілде күні Словакияның Братислава қаласында өткен финалда ағылшындар Германияны 3:2 есебімен ұтып, атағын қорғап қалды.
Ал Қазақстан командасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандық футболшылар D тобына түсті. Бұл топта олардың қарсыластары: Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра.
5 маусымда өткен алғашқы іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Андорраны 1:0 есебімен ұтып, алғашқы үш ұпайын еншілеген.
Жарнама