Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
©"Қазақмыс" ЖШС баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлады. Бұл қызметке бес үміткер өтініш білдірген, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұр-Сұлтанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңа президентін сайлады. Бұл қызметке бес үміткер өтініш білдірген, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Шахтер" директорлар кеңесінің төрағасы Әділет Барменқұлов жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жетті.
Дауыс беруге "Қазақстан футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ мүшелері, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитеті мүшелері қатысқан. Дауыс берушілердің жалпы саны - 26 адам.
Барменқұлов 14 дауыс жинап, Берік Қаниевті басып озды (11). Тағы бір дауысты Давид Лория алған.
Жарнама