Қазақстан Финляндияны ұтып сенсация жасады

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Хельсенкиде камбэк жасады. Финляндия құрамасынан 1:0 есебімен ұтылып тұрып, жеңіске бастар жолды тапты. Есеп - 1:2. 

Ойынның бірінші таймында финдер ұтып шықты. 28-минутта Мессидің командаласы Роберт Тэйлор алаң иелерін алға шығарды. 

Екінші таймды қазақстандық футболшылар ширақ бастады. Асхат Тағыбергеннің алыстан шиіре тепкен добы қақпа бағанынан қайтты. 77-минутта бас төреші VAR жүйесін қарап, финдер қақпасына пенальти белгіледі. Бахтиер Зайнутдинов 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді. 

Ойын аяқталар тұста бұрыштамадан асырылған допқа Бахтиер бірінші жетіп, баспен жеңіс голын соқты. Осылайша ұлттық құрама сапындағы үздік сұрмерген атанды. 

Қазақстан құрамасы "Н" тобында 15 ұпаймен 3-орынға көтерілді. Осылайша Еуропа чемпионатына бір қадам жақындай түсті. 

Отандастарымыз өз тарихында Финляндия құрамасын алғаш рет ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport