Қазақстан – Финляндия матчінің төрешілері белгілі болды

©Football-Fun-Live.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Финляндия құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды. 7 қыркүйек күні "Астана Аренада" өтетін маңызды матчқа румын төрешісі Раду Петреску қазылық жасайды, деп хабарлайды Мassaget.kz

Ойында Радуға отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.

Төрт ойыннан кейін "Н" тобында Финляндия және Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар келеді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ғана финдер алда тұр. 

Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport