Қазақстан ФИФА-ның жаңартылған рейтиінгінде орны өзгертепді

©ҚФФ

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингін жаңартты. Қазақстан құрамасының көрсеткіші өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құрама қыркүйек айында екі ойын өткізді. Ұлттар лигасында 6 қыркүйек күні Алматыда Норвегия құрамасымен тең ойнады. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді. 

9 қыркүйек күні Словенияда қонақта болып, 3:0 есебімен есе жіберді. Бұл ойында үш голды да Беньямин Шешко соқты. 

Жаңарған рейтингте Қазақстан 109-орнын сақтап қалған. Келесі ойынын қазан айында Австрияға қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар