Футбол
12 қараша 09:30

Қазақстан Еуроға іріктеуді сенсациялық жеңіспен бастады

©kff.kz

Қазақстанның U17 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 турнирінің іріктеу кезеңінде Хорватия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

8-топтағы алғашқы кездесу Хорватияның Неделишче қаласында өтті. Бұл топта Нидерланды мен Албания құрамалары да бар.

Ойынның екінші минутында Ислам Рақым есеп ашты.


33-минутта Юрай Фриган пенальтиден соққан добымен есепті теңестірді.

Алайда 45-минутта Расул Акимов әдемі жеке өтіп, Қазақстан құрамасын қайта алға шығарды.


57-минутта хорватиялық Лука Бартолович пенальти орындау мүмкіндігін жіберіп алды. Осылайша Акимовтың голы матчтың шешуші сәтіне айналды.

Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда келесі ойынын 14 қараша күні Нидерланды құрамасына қарсы өткізеді. Ал 17 қарашада Қазақстан Албаниямен кездеседі.

Еуропа чемпионаты 2026 жылы Эстонияда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport