Қазақстан - Дания матчінің ең мықты ойыншысы анықталды

©

"Футбол на Куличках" сайты 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің екінші турындағы Қазақстан - Дания матчіндегі ең мықты ойыншыны анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Қазақстан командасының капитаны Асхат Тағыберген.

"Қазақстан құрамасының капитаны алысқа тепкен әдемі соққысымен алаң қожайындарын рухтандырды. Асхат есепті теңестіргеннен кейін "қаршығалар" еркіті жеңіске жетті. Голға дейін де Тағыберген қақпаға үш соққы жасап, жақсы пастар берді. Қонақтардан дубль авторы Хейлуннды атап өтпеуге болмас, алайда оның жетістіктерін серіктестерінің қателігі шайып тастады", - делінген мәтінде. 

Еске салайық, Магомед Адиев жаттықытратын команда бірінші таймда 0:2 есебімен ұтылып жатты, алайда екінші таймда үш гол салып, жеңіске жете алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: