ҚПЛ-2021 чемпионы қостанайлық "Тобыл" екінші оқу-жаттығу жиындарында бес бақылау матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
7 ақпанда Александр Москаленко жаттықтыратын команда калининградтық "Балтикамен" кездесу өткізеді. Үш күннен кейін украиналық "Александриямен" ойнайды. 13 ақпан "Нижний Новгородпен", ал бес күн өте "Днепрмен" матч жоспарланған. Ал соңғы ойын қазандық "Рубинмен" өтеді.
Еске салайық, қостанайлықтар ҚПЛ-2021 жеңімпазы ретінде 2022/23 маусымындағы Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.