Қазақстан чемпионынан белді ойыншылар кетуі мүмкін

©vorskla.com.ua

"Тобыл" сапынан қақпашы Дмитрий Непогодов пен жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Негізгі себептердің бірі – Милан Миланович пен бапкерлік штаб тәжірибелі ойыншыларға сенім артпайтынында болып отыр.

Биылғы ҚПЛ маусымында Непогодов екі рет алаңға шығып, екі гол өткізді. Ал Мужиков болса бас аяғы 17 минут ойнаған.

Ішкі чемпионатта 12 турдан кейін "Тобыл" бесінші орынға жайғасқан. Әзірге қостанайлық клубтың еншісінде 18 ұпай бар. Ал Ақтаудың "Каспийі" болса 22 ұпаймен бірінші орында келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport