2021 жылы ел чемпионы атанған "Тобыл" маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қаңтар айының 14 күнінен бастайды. Қостанайлықтар аталмыш жиынды Түркияда өткізеді, деп жазады Meta-ratings.kz сайты.
Футболшылар 13 мен 14 қаңтар күндер аралығы Түркиға жетіп, 14 қаңтар кешкі жаттығу өткізуі тиіс.
"Тобыл" жыл басындағы ОЖЖ қаңтар айының 8 бастауы тиіс еді. Алайда еліміздегі жағдайларға байланысты кейінге шегерілді.
Еске салайық, өткен маусымнан кейін қостанайлықтар сапынан Тони Силва, Жереми Манзорро, Элгуджа Лобжанидзе мен Азат Нұрғалиев кеткен болатын.