Футбол
19 қараша 2021 02:22

Қазақстан чемпионы құрамының жартысында келісімшарты аяқталған

©Тобыл ФК

2021 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша "Тобыл" ойыншыларының басым бөлігінде келісімшарттары аяқталады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан Кубогінің 1/2 финалында "Шахтермен" өтетін қарымта матчтан кейін қостанайлықтар сапындағы бірнеше футболшы клубтан кетуі мүмкін. Transfermarkt мәліметі бойынша, Александр Мокин, Сергей Малый, Александр Марочкин, Алекс Аманович, Асхат Тағыберген, Жереми Манзорро, Руслан Валиуллин, Самат Жарынбетов, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев, Тони Силва, Зоран Тошич, Игорь Сергеев пен Элгуджа Лобджанидзелердің келісімдері аяқталады.

Еске салайық, "Тобыл" 2021 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін иеленді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport