"Тобыл" командасымен Қазақстан чемпионы атанған Сұлтан Әбілғазы "Тұран" клубынан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Владимир Газзаевтың шақыруымен түркістандық клубқа қосылып, төрт матчте ойнаған еді.
Сұлтан елдің жастар мен жасөспірімдер құрамаларында ойнап, клубтық деңгейде "Оқжетпес" сапында да өнер көрсеткен.