"Астана" мен Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевич "Тобылға" ауысатын шығар, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
Черногориялық легионер соңғы үш маусыда елордалық клубтың намысын қорғады. Бірақ биыл ол "Астана" командасымен келісімшартын ұзарта алмады. Содан соң 31 жастағы қорғаушыға "Тобыл" командасы назарын аударды.
"Астана" хорватиялық қорғаушыны командадан кетіреді
Футболшы мен клуб келіссөз жүргізіп қойған. Жуырда қостанайлық команда оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу үшін Түркияға аттанады. Сол жерде черногориялық қорғаушы командаға қосылуы мүмкін.
Томашевич "Тобылдың" екінші жаңа ойыншысы болуы мүмкін. Бұл футболшымен бірге қостанайлық команда "Астананың" бұрынғы қақпашысы Дмитрий Непогодовты да қатарға қосып алады.