Ақпарат бойынша, футболшылар мен бапкерлер наурыз және сәуір айлары үшін еңбекақыларын алған. Былтырғы жылдың сыйақылары да толықтай төленген екен. Дегенмен Суперкубоктағы "Қайсарды" ұтқаны (1:0) үшін сыйақы төлене ме белгісіз.
"Демеушілерге қатысты, "Астананы" жыл сайын қала әкімдігі мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын. Бірақ биыл әкімдік клубты қаржыландырудан толық бас тартты. "Самұрық-Қазына" бірінші жарты жылдықтағы қаржылық мәселелрді ғана шешіп берді. Ал енді екінші жарты жылдық қаржысын қысқарта ма әлде өзгеріссіз қалдыра ма, белгісіз болып отыр", - деп жазыпты басылым.