Бүгін, 30 қазанда футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы 26-тур ойындары өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Турдың басты матчтарын "Тобыл" мен "Астана" клубтары өткізеді. Себебі биылғы маусымдағы чемпиондық талас дәл осы екі ұжым арасында өтуде.
Қостанайлықтар жеңіске жеткен жағдайда ішкі біріншілікте топ жарады. Ал елордалық ұжым болса жеңіске жеткен күннің өзінде "Тобылдың" жеңілісін немесе тең ойынын күтетін болады.
"Жетісу" – "Қайрат" (14:00)
"Қызыл-Жар" – "Ордабасы" (14:00)
"Тараз" – "Қайсар" (14:00)
"Шахтер" – "Атырау" (16:00)
"Ақжайық" – "Тобыл" (16:00)
"Ақтөбе" – "Каспий" (16:00)
"Астана" – "Тұран" (16:00)
Qazsport телеарнасы тікелей эфирде "Ақжайық" пен "Тобыл" арасындағы ойынды көрсетеді. Ал қалған матчтарды ПФЛК-ТВ арнасынан тамашалай аласыздар.