Қазақстан чемпиондығы үшін "Астана" - "Қайрат" матчін қайдан тамашалауға болады

© "Қайрат" ФК
Жексенбі, 20 қазанда Қазақстан премьер-лигасының 30-шы туры аясында "Астана" мен "Қайрат" матчі өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Қазақстан астанасындағы "Астана Аренада" өтеді, басталуы жергілікті уақытпен 20:00. Матчтің тікелей трансляциясын Qazsport арнасынан тамашалауға болады. 

Сонымен бірге, 20 қазан Qazsport арнасынан "Тобыл" мен шымкенттік "Ордабасының" Қостанайдағы ойынын көрсетеді. Басталуы 14:00.

Қазіргі таңда ҚПЛ турнирлік кестесін 29 ойында 62 ұпай жинаған алматылық "Қайрат" бастап тұр. Одан кейін "Тобыл" (28 матчте 59 балл), "Астана" (28 матчте 57 ұпай) және "Ордабасы" (29 ойында 53 балл).
Жаңалықтар