Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы анықталды
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік жартылай қорғаушысын анықтау мақсатында лигамен Қазақстан Чемпионатында ойнаған клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді.
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік жартылай қорғаушысын анықтау мақсатында лигамен Қазақстан Чемпионатында ойнаған клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді.
Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы қазақ футболының аңыз ойыншысы Сергей Квочкиннің жүлдесін тағайындады. Бұл марапат жыл сайын маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік шабуылшысына беріледі.
2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша "Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Артур Шушеначев үздік шабуылшы болып таңдалды.
23 жастағы ойыншы осы маусымда Қазақстан құрамасының сапында дебют жасап, ел чемпионатында қазақстандық ойыншылар арасында үздік сұрмерген атанды. Шушеначев Чемпионатта 12 гол, Кубокта 5, Суперкубокта бір гол соғып, көзге түсті. Сонымен қатар, Артур еурокубоктық ойындарда 4 рет қанжығасын майлады.
"Қайрат" командасының тағы бір ойыншысы Вагнер Лав сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді. 37 жасар бразилиялықтың статистикасы жанкүйерлерді таңқалдырмайды, бірақ алматылық клуб қатысқан барлық турнирлерде пайдасын тигізді. Вагнер 7 гол соғып, чемпионатта 6 нәтижелі пас берді. Еурокубоктарда ол 4+2 статистикасын жинады, сонымен қатар, Қазақстан Кубогында 3 гол және 2 ассистпен шеберлігін көрсетті.
Үздік үштікті "Тобылдың" шабуылшысы Игорь Сергеев түйіндеді. Күні кеше ғана ел чемпионы атанған Игорь маусымды "Ақтөбеде" бастап, команда сапында 7 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. "Тобылдың" құрамында ол Чемпионаттағы өзінің жеке статистикасын тағы 3 голмен толықтырды. Сонымен қатар, Кубокта 4 гол және УЕФА Конференция лигасында екі гол соқты.
Жарнама