Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы анықталды

8 желтоқсан 2021 15:08
©"Астана" ФК

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік ойыншысын анықтау мақсатында Қазақстан Чемпионатына қатысқан клуб басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді. 

Өткен маусымнан бастап ҚКФЛ шешімімен маусымның үздік ойыншысының жүлдесіне атақты қазақстандық ойыншы, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың есімі берілген болатын. 

Сауалнамаға қатысқан адамдардың көпшілігі "Астана" клубының көшбасшысы Марин Томасовқа өз дауыстарын берді. Хорватиялық легионер осы маусымда елордалық клуб үшін барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 24 гол соқты, сонымен қатар, 14 нәтижелі пас берді. Сауалнама қорытындысы бойынша Томасов 120 ұпай жинады. Маусым қорытындысы бойынша Марин чемпионаттың үздік сұрмергені ретінде Пехлеваниди атындағы жүлденің иегері атанған еді. 

Екінші орынға "Қайрат" командасының шабуылшысы Вагнер Лав орналасты. Тәжірибелі бразилиялық ойыншы 71 ұпай жинады. 

Үздік үштікті ел чемпионы атанған, "Тобыл" командасының қақпашысы Александр Мокин түйіндеді. Тәжірибелі қақпашының 59 ұпайы бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар