Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазды ресейлік клубтың бас бапкері атанды

©"Ростов" ФК

Виталий Кафанов "Ростов" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Бұған дейін бас бапкердің қызметін атқарып келген Заур Тедеев болса ары қарай аға бапкер қызметін атқарады. 

Еске салайық, қыркүйек айында Ростов-на-Дону қаласының командасы Юрий Семинмен келісімшартты бұзған болатын. Қазіргі уақытта "Ростов" 12 ұпай жинап, Ресей біріншілігінде 12-ші орында келеді. 

Кафанов Ашхабад футбол мектебінің түлегі. Ол Қазақстанда "Қайрат" және семейлік "Елімай" командаларында өнер көрсеткен. 1992-1993 жылдар аралығында оның бас бапкері Құрбан Бердиев болған. Қазақстанда ол ішкі чемпионатты үш рет, кубокті екі рет жеңген. Сондай-ақ, ол Қазақстан құрамасы сапында алты кездесу өткізген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: