Қазақстан чемпионатының ойындарына тікелей трансляция

©Ордабасы ФК

Бүгін, 23 сәуірде футболдан Қазақстан чемпионатының жетінші тур ойындары өтеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Турдың орталық матчында "Қайрат" өз алаңында "Тұранды" қабылдайды. Жеңіске жеткен жағдайда Құрбан Бердыев командасы турнир кестесінде бірінші орынға көтеріледі. Бұл кездесуді елорда уақытымен 19:00-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласздар.

Алматыдағы ойыннан бөлек, "Шахтер" – "Ақжайық" (15:00), "Ақтөбе"– "Мақтаарал" (16:00), "Ордабасы" – "Қызыл Жар" (17:00) және "Ақсу" – "Тараз" (20:00) арасындағы тартысқа толы кездесулер өтеді. Бұл ойындарды ПФЛК-ТВ арнасы тікелей эфирде таратады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар