Қазақстан чемпионатының "Қызыл-Жар СК" мен "Тараз" арасындағы 14-ші тур матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Тараз" ФК
Бүгін, 21 қазанда футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші туры аясында "Қызыл-Жар СК" мен "Тараз" командалары арасындағы матч өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы Академия алаңында өтеді, басталуы 14:00. Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Осыған дейін екі команда өзара жалпы 21 матч өткізген екен. Оның сегізінде "Қызыл-Жар СК" ұтса, сегізінде "Тараз" басым болыпты және бес рет командалар тең ойнаған. 

Турнир кестесінде "Қызыл-Жар СК" сегіз ұпаймен тоғызыншы келеді, ал 13 балл жинаған "Тараз" сегізінші. 
Жаңалықтар