Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
31 жастағы ойыншымен келісімшрт жыл соңына дейін жасалды. Өткен жылы Малый ҚПЛ-2021 маусының ең мықты қорғаушысы атанды.
Малый "Тобыл" сапында 2020 жылдың шілдесінен ойнап келеді. 2017 жылы ол қостанайлық командада жалға алу құқымен ойнаған. Ол кезде футболшы 15 матч өткізді.