Қазақстан чемпионатының ең мықты қорғаушысы болашағына қатысты шешім шығарды
©"Тобыл" ФК
Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қостанайлық "Тобыл" Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыймен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
31 жастағы ойыншымен келісімшрт жыл соңына дейін жасалды. Өткен жылы Малый ҚПЛ-2021 маусының ең мықты қорғаушысы атанды.
Малый "Тобыл" сапында 2020 жылдың шілдесінен ойнап келеді. 2017 жылы ол қостанайлық командада жалға алу құқымен ойнаған. Ол кезде футболшы 15 матч өткізді.
Жарнама