Қазақстан чемпионатындағы төртінші команда алдағы ойындарға капитаннан айырылып отыр

Сурет: KazFootball.kz

Ақтаулық "Каспий" қорғаушысы Илья Воротников ҚПЛ-дің алдағы матчтерінде ойнамайды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Ақтаулық команда капитаны жарақат салдарынан төрт турды өткізіп те алды. Футболшы бұлшық етін ауыртып алғанға ұқсайды. Ол бар күшін салып жаттыға алмай жүр екен. Енді оның сапқа қашан оралатыны белгісіз. 

Сонымен қоса, команданың шабуылшысы Рамазан Кәрімов пен франциялық жартылай қорғаушы Уаджди Сали де ауруханада болып, Талдықорғандағы матчке қатыса алмады. Дегенмен келесі турда олар алаңға шығады.  

15 тур қорытындысы бойынша 23  ұпай жинаған "Каспий" турнир кестесінде төртінші келеді. 

Метки: