Қазақстан чемпионатында күтпеген есеп тіркелді
"Атырау" өз алаңында "Ордабасы" клубын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Атырау" өз алаңында "Ордабасы" клубын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турында батыс қазақстандық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жетті. Негізі матч алдында шымкенттіктер қағаз жүзінде фаворит саналған. Алайда "мұнайшылар" үш ұпайды олжалады.
"Атырау" сапында Николай Тарасов (30-минут) пен Андрия Филипович (56-минут) гол соқса, қонақтардан Эльхан Астанов (45-5-минут, пенальти) ерекшеленді.
Осы жеңісінен кейін Константин Горовенко ойыншылары турнир кестесінде жетінші орыннан бесінші орынға дейін (14 ұпай) көтерілді. Ал "Ордабасы" болса 14 ұпаймен үшінші орынға түсіп қалды.
Енді 7 мамыр күні оныншы турда "Атырау" қонақта "Қайратпен" кездеседі. Ал сол күні "Ордабасы" Шымкентте "Астананы" қабылдайды.
Жарнама