Футбол
8 қазан 2021 18:29

"Қазақстан біз үшін ыңғайсыз қарсылас". Эдин Джеко алдағы ойын жайлы

©БФФ

Миландық "Интер" мен Босния және Герцеговина құрамасының шабуылшысы Эдин Джеко 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына қарсы ойын алдында баспасөз жиынына келіп, ертеңгі ойын туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

- Қазақстан құрамасының қорғанысы өте мықты екенін өткен ойында байқаған шығарсыз. Алдағы ойында бұл қорғанысты қалай бұзып өтесіздер?

- Қазақстан құрамасы біз үшін ыңғайсыз қарсылас. Оған бірінші кездесу де дәлел. Сонымен қатар, Украинамен өткен ойынды Қазақстан соңына дейін берілмей ойнады. Сондықтан бұл құрамаға немқұрай қарауға болмайды. 

- Өткен ойын Игорь Шацкий сізбен қақтығыстан кейін жарақат алып қалды. Ойыннан кейін қақпашымен сөйлесе алдыңыз ба?

- Ойыннан кейін мен онымен кездесе алмадым. Бірақ матч кезінде мен кешірім сұрадым. Ол сәтте екеуміз де допқа талас жүргіздік. Жарақаты қатты ауыр болмады деп үміттенемін. 

- FIFA 22 ойынындағы өз карточкаңызды көрдіңіз бе? Онда сіздің жылдамдығыңыз өте төмен ғой...

- Жоқ. Көрмедім. Өйткені мен FIFA ойнамаймын. 

Еске салайық, Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ойын 19:00-де басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport