Қазақстан біз үшін таңсық - Финляндия құрамасының голкипері 2022 жылғы ӘЧ іріктеуі жайында

8 желтоқсан 2020 13:20
Сурет: FootBoom

Футболдан Финляндия құрамасының қақпашысы Лукаш Градецки 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды елдің Футбол қауымдастығының сайты

Жеребе қорытындысы бойынша Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина мен Қазақстан бір топта.

- Төртінші топтағы ең нашары Босния, жолымыз болмады. Франция мен Украина маған таныс. Қазіргі таңда өз алаңымызда кез келген қарсыласқа төтеп беретіндей ойнаймыз. Қалай болса да, біздің алаңда ойнайтын команда тер төгу керек болады. Қазақстанда болған емеспін. Басқа шаруалармен де Қазақстанда болмайтын шығармын, сондықтан бұл ел мен үшін таңсық. 

Бұл топта қиын болады, дегенмен, біз осы жетістікпен тоқтап қалмаймыз. 

Жаңалықтар