Қазақстан - Бельгия жастар құрамасының Еуро-2023 іріктеуіндегі матчіне тікелей трансляция

Сурет: ҚФФ

Бүгін, 4 мамыр футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуро-2023 іріктеу раунды аясында алаңға шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын команда Бельгия құрамасын қабылдайды. Ақтөбе алаңында өтетін ойын Қазақстан астанасының уақытымен 19:00-де басталады. 

Ойынды Qazsport арансы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Бұл Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі бірінші ойын екенін айта кетейік. Сонымен бірге, іріктеу турындағы I тобында Дания, Түркия және Шотландияның жастар құрамасы бар.