Қазақстан БАӘ құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болды

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесуде жолығатын қарсыласы белгілі болды, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Қарсыласы - Біріккен Араб Әмірлігі құрамасы. Ойын 20 қараша күні Абу-Даби қаласында өтеді. 

Ал 16 қараша күні БАӘ құрамасы Аустралиямен кездесу өткізеді. 

Бұл Қазақстан құрамасының Магомед Адиевтің қола астында өткізетін бірінші жолдастық кездесуі болады. 

Еске салайық, қыркүйек айында Қазақстан Ұлттар лигасында соңғы екі кездесуін өткізеді. 22 қыркүйек күні біздің құрама Беларусьті өз алаңында қабылдаса, 25 қыркүйек күні сырт алаңда Әзірбайжанмен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport