Украиналық "Черноморец" 34 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Дмитрий Непогодовты сапына қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан азаматтығын алған Украина тумасы карьерасын "Марсельде" бастап, әлем чемпионы және Еуропа вице-чемпионы Стив Манданданың дублері болған.
Кейін донецкілік "Металлург" пен полтавалық "Ворсклада" ойнады.
2017 жылы Непогодов Қазақстан чемпионатында ойнай бастады. Кейінгі рет "Тобылда" болды, сонымен қоса, "Астана" мен "Ордабасы" қақпасын күзеткен. Ал Қазақстан құрамасы үшін 11 матчке қатысты.