Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Калоян Петков шымкенттік "БИІК" командасынан кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.
Петков литвалық "Гинтра" командасының тізгінін ұстапты. Болгариялық маман 2012 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеді. Ол "БИІК" командасымен бірге Қазақстан чемпионатын он рет жеңді.
Одан бөлек, бапкер шымкенттік командамен Чемпиондар лигасы 1/8 финалына дейін жетті.
Соңғы кездері Петков "БИІК" командасымен бірге Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтырды. Бірақ қазір оның құрамадан кетті ме, кетпеді белгісіз болып тұр. Кейбір деректер бойынша, ол құрамамен жұмысын жалғастыра береді.