Қазақстан әйелдер құрамасында бас бапкер тағайындалды
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне Айтбай Жамантаев тағайындалды, деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі.
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіне Айтбай Жамантаев тағайындалды, деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі.
Осыған дейін аталмыш қызметті болгариялық Калоян Петков атқарып келді.
Жамантаев бапкерлік мансабын 1982 жылы бастады. 1982 жылы "Целинник" (Целиноград) командасымен екінші лиганың сегізінші аймағында КСРО чемпионы атанды. 2004-2006 және 2017-2017 жылдары ұлттық құрама тізгінін ұстады.
Айтбай Жамантаевтың көмекшісі болып құраманың экс-капитаны Бегайым Қырғызбаева.
Енді біздің қыздар сәуір айының 8 мен 12 аралығы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Словения және Уэльс командаларымен өз алаңында кездеседі. Оқу-жаттығу жиындары 4 сәуірде басталады.
Жарнама